07 қазан 2019 | 09:59

Министр барлық көпбалалы отбасыға жәрдемақы беруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасының барлығына бірдей табыс көлеміне қарамастан 42 500 теңгеден беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасының барлығына бірдей табыс көлеміне қарамастан 42 500 теңгеден беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет отырысында министр Қазақстанда балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасы мүшесі екенін айтты. 

"Осыған байланысты көпбалалы отбасылар құрамынан атаулы әлеуметтік көмек алатындарды шығарып, оларға табыс көлеміне қарамастан қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін арттырып, материалдық жағдайын жақсартады", - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, жәрдемақы көлемі сараланады. Төрт баласы бар отбасы айына 42 500 теңге алады. Бала көп болған сайын жәрдемақы да көбейеді, ең жоғарғы төлем - 73 370 теңге. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети