Назарбаев Ұлттық банкке азаматтардың шұғыл депозиттерін өтеп беруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ұлттық банкке азаматтардың шұғыл депозиттерін өтеп беруді тапсырды © Tengrinews.kz

Назарбаев Ұлттық банкке азаматтардың шұғыл депозиттерін өтеп беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ірі кәсіпорындардың басшыларымен Ақордадағы кездесуінде айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ұлттық банкке азаматтардың шұғыл депозиттерін өтеп беруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ірі кәсіпорындардың басшыларымен Ақордадағы кездесуінде айтты.

"Ұлттық банкке жеке тұлғалардың 2015 жылдың 18 тамызында теңгемен ашылған шұғыл депозиттерін өндіріп беруге механизм енгізуді тапсырамын, яғни алдыңғы күнгінікін аламыз. Сол бағамды есепшотта қалған қалдықты бір миллионға дейін тіркейміз, ертең біреулер айтып жүрмеуі үшін. (...) Азаматтарға егер олар арнайы есепшот ашып, депозиттерін қайта рәсімдесе және банкте бір жыл бойы сақтаса ескі бағам бойынша бағам айырмашылығы өтеледі. Бұл шара 1 миллион 700 мың адамды қолдауға көмектеседі немесе барлық депозиттердің 86 пайызын қолдауға мүмкіндік береді", - деді Назарбаев.

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети