©REUTERS
2012 жылмен салыстырғанда өткен жылы қаржы нарығының несиелеу жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алған. Нақтырақ айтсақ, несиелеудің жалпы көлемі 2013 жылы 13 пайызға артыпты, "яғни қаңтар мен қараша айлары аралығында 11251,5 миллиард теңгені құрады" деп жазады Tengrinews.kz Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың мәлімдемесіне сүйене. Әңгімені тарата айтсақ, теңгемен берілген несие көлемі нақты 12,6 пайызға артып, 7930,6 миллиард теңгеге жеткен, ал шетелдік валюта түріндегісі 13,9 пайызбен 3320,9 миллиард теңгеге жуықтаған екен. Айта кетейік, 2013 жылдың қараша айын 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда теңгемен берілген несиенің үлес салмағы 70,7 пайыздан 70,5 пайызға төмендегенге ұқсайды. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді несие өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 14 пайызға көтеріліп, көрсеткіш 9119,2 миллиард теңгені көрсетіпті. Банк тұтынушыларының қысқа мерзімге алған қарыздарына қатыста айтсақ, ол тоғыз пайызға артып, яғни 2132,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұдан шығар қорытынды, 2013 жылдың қараша айын 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ұзақ мерзімді несиенің үлес салмағы 80,4-ден 81 пайызға дейін өскен. Ендігі кезекте заңды және жеке тұлғаларға қатысты ақпаратты алға тартсақ, заңды тұлғаларды несиелеу өткен жылдың тоғыз айында сегіз пайызға артып, 7670,8 миллиардты құраған. Ал жеке тұлғалардікі 25,4 пайызға дейін өседі де, 3580,7 миллиард теңгеге жетеді. Демек, заңды тұлғаларды несилеудің үлес салмағы (2012 жылдың желтоқсаны мен 2013 жылдың қараша айларын салыстырғанда) 28,7-ден 31,8 пайызға артқан екен. "Шағын кәсіпкерлікті несиелеу жүйесінде де айтарлықай өзгеріс бар" деп хабарлайды Ұлттық Банк. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында шағын бизнес субъектілері алған қарыз керісінше 10,4 пайызға, яғни 1265,4 миллиард теңгеге төмендеп кетіпті. Бұл - банктердің ел экономикасын несиелеудің 11,2 пайызы деген сөз. Банктердің экономиканы несиелеуін сала-салаға бөліп шықсақ, алдыңғы қатарда тұрған мына секторлар: сауда (19,6 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 20,1 пайыз), құрылыс (12,7 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 12 пайыз), ауылшарушылығы (3,3 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 3,2 пайыз). Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеуші – Ұлттық банктің дерегіне сенсек, депозит көлемі 11,9 пайызға ұлғайған. Ал депозиттік ұйымдардағы резидент салымдары өткен жылдың тоғыз айында 9935,3 миллиард теңгеге дейін өсіп, 10,5 пайызға дейін өскен. Тағы бір мәлімет: заңды тұлғалар депозиттері 9,4 пайызға (6151,5 миллиард теңге), жеке тұлғалар депозиттері 12,2 пайызға (3783,8 миллиардң теңге) артқан.
2012 жылмен салыстырғанда өткен жылы қаржы нарығының несиелеу жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алған. Нақтырақ айтсақ, несиелеудің жалпы көлемі 2013 жылы 13 пайызға артыпты, "яғни қаңтар мен қараша айлары аралығында 11251,5 миллиард теңгені құрады" деп жазады Tengrinews.kz Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың мәлімдемесіне сүйене.
Әңгімені тарата айтсақ, теңгемен берілген несие көлемі нақты 12,6 пайызға артып, 7930,6 миллиард теңгеге жеткен, ал шетелдік валюта түріндегісі 13,9 пайызбен 3320,9 миллиард теңгеге жуықтаған екен. Айта кетейік, 2013 жылдың қараша айын 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда теңгемен берілген несиенің үлес салмағы 70,7 пайыздан 70,5 пайызға төмендегенге ұқсайды.
Сонымен қатар, ұзақ мерзімді несие өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 14 пайызға көтеріліп, көрсеткіш 9119,2 миллиард теңгені көрсетіпті. Банк тұтынушыларының қысқа мерзімге алған қарыздарына қатыста айтсақ, ол тоғыз пайызға артып, яғни 2132,3 миллиард теңгеге жеткен. Бұдан шығар қорытынды, 2013 жылдың қараша айын 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ұзақ мерзімді несиенің үлес салмағы 80,4-ден 81 пайызға дейін өскен.
Ендігі кезекте заңды және жеке тұлғаларға қатысты ақпаратты алға тартсақ, заңды тұлғаларды несиелеу өткен жылдың тоғыз айында сегіз пайызға артып, 7670,8 миллиардты құраған. Ал жеке тұлғалардікі 25,4 пайызға дейін өседі де, 3580,7 миллиард теңгеге жетеді. Демек, заңды тұлғаларды несилеудің үлес салмағы (2012 жылдың желтоқсаны мен 2013 жылдың қараша айларын салыстырғанда) 28,7-ден 31,8 пайызға артқан екен.
"Шағын кәсіпкерлікті несиелеу жүйесінде де айтарлықай өзгеріс бар" деп хабарлайды Ұлттық Банк. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында шағын бизнес субъектілері алған қарыз керісінше 10,4 пайызға, яғни 1265,4 миллиард теңгеге төмендеп кетіпті. Бұл - банктердің ел экономикасын несиелеудің 11,2 пайызы деген сөз. Банктердің экономиканы несиелеуін сала-салаға бөліп шықсақ, алдыңғы қатарда тұрған мына секторлар: сауда (19,6 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 20,1 пайыз), құрылыс (12,7 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 12 пайыз), ауылшарушылығы (3,3 пайыз, 2012 жылдың желтоқсаны – 3,2 пайыз). Сонымен қатар, қаржы нарығын реттеуші – Ұлттық банктің дерегіне сенсек, депозит көлемі 11,9 пайызға ұлғайған. Ал депозиттік ұйымдардағы резидент салымдары өткен жылдың тоғыз айында 9935,3 миллиард теңгеге дейін өсіп, 10,5 пайызға дейін өскен. Тағы бір мәлімет: заңды тұлғалар депозиттері 9,4 пайызға (6151,5 миллиард теңге), жеке тұлғалар депозиттері 12,2 пайызға (3783,8 миллиардң теңге) артқан.