Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Олжас Құдайбергенов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өзгеруі жайлы пікір білдірді

19 Тамыз 2015, 13:14
37
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстандық экономист, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының өзгеруі туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бүгін таңертең бірқатар банк доллар бағамын 196 теңге деп өзгертті.

"Бүгін KASE-де өлшенген орташа құн 1 долларға 188,38 теңгеден келді. Дегенмен барлығы саудадағы максималды бағамға назар аударды. Бұл осыған дейін бекітілген ауытқу дәлізінің шегіне, яғни 198 теңгеге өзгереді деген сөз. Жақын күндері бұл мәселе шешіледі деген сенімдемін", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Құдайбергенов кенеттен болған девальвацияға қарсы екенін, сонымен қатар, мұның болғанын қаламайтынын айтты. "Осыған қарағанда еліміз шекті сценарийден өтуге тура келеді. Бұлай болмайды деп үміттенемін", - деді ол. Дегенмен, валюталық бағамға түзету жасау керек болса, тараптың берген уәдесіне сәйкес - бизнестегі бақталастықтың өсуін, жұмыс орындарының сақталуын, өндірістің өсуін күтуге тура келеді.

"Жағдайға байланысты жаман нәрселер айтпай-ақ қояйын. Бағамның өсуі туралы болжам да жасамаймын. Бұл Ұлттық банк пен үкіметтің жұмысы", - деді Құдайбергенов.

19 тамызда таңертең бірқатар банк доллар бағамын 196 теңге деп көрсетті. Forte bank сайтында доллар бағамы сатылымға 197,5 теңге деп көрсетілген. Ал Еуразиялық банктің сайтында 0,1 тиынға төмен - 197,4. Казкоммерцбанк - 198.67 теңге. Центркредит сайтында сату құны - 194.5 теңге. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 15 маусымында Курстың ауытқу дәлізі бір долларға 170-188 теңгеден 170-198-ге өзгерген еді.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (37)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай