Олжас Құдайбергенов теңге бағамына болжам жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Олжас Құдайбергенов. Фото Facebook-тен Олжас Құдайбергенов. Фото Facebook-тен

Қазақстан экономистер қауымдастығының атқарушы директоры, экономист Олжас Құдайбергенов жыл соңына дейінгі теңге бағамына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде теңгенің долларға шаққандағы бағамы сәл төмендеп, 181,40 бағада тұр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан экономистер қауымдастығының атқарушы директоры, экономист Олжас Құдайбергенов жыл соңына дейінгі теңге бағамына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде теңгенің долларға шаққандағы бағамы сәл төмендеп, 181,40 бағада тұр. 

Бұдан бөлек, сарапшылар қазақстандық банктер Қазақстан қор биржасынан (KASE) девальвация күтілуіне байланысты долларды жаппай сатып алып жатыр деген мәлімдеме жасады. Биржа мәліметтері бойынша 2-4 желтоқсанда доллар сатылымы күрт өскен. Желтоқсанның 2-сі күні миллиард доллар (800 миллионға жуық), 3 желтоқсанда да долларға сұраныс көп болып - 700 миллион доллар сатылған. Ал бүгін, 4 желтоқсанда, екі сессияның мәліметтері бойынша 500 миллион доллар сатылған.

Үш күндік сессия қорытындыларына қарамастан, 3 желтоқсанда доллар бағамы 182 теңгеге көтерілді, бірақ Олжас Құдайбергеновтің айтуынша, жыл соңына дейін теңге бағамына қатер төнбейді және қазіргі баға 181,40 (плюс/минус 10-20 теңге) сақталады. Оның айтуынша, теңге қозғалысында түбегейлі алғышарттар болмайды. "Ұлттық банк осы бағамды ұстап тұра алады. Басқарушы банктың қолында бағамды икемді ұстап тұруға қажетті барлық құрал бар", - деді ол.

Бұған дейін теңге бағамы 180,10 дәрежесінде бір ай бойы сақталғаны белгілі. Экономистің айтуынша, Ұлттық банктің сол бағамды ұстап тұра беруіне болды, бірақ біраз жіберуді ұйғарды. "Бұл бірақ девальвацияны күтумен байланысты емес. Қазір өкінішке қарай теңге бағамы бір теңгеге көтерілсе де девальвация күтілуде деген өсек тарай бастайды. Шындығында бұл ұсақ ауытқушылық, одан қиындық туындамайды", - дейді ол.

Олжас Құдайбергеновтің болжамынша, теңгенің аздап әлсіреуі нарықтағы сұраныстың өсімімен байланысты. Ал сұраныстың өсуі, өз кезегінде рубльдің долларға шаққандағы бағамының төмендеуімен байланысты. "Желтоқсанның 1-інде рубль күрт құлдырап 49 дан 54-ке түсті. Сондықтан Ұлттық банк теңгенің бағамын аздап төмендетті. Нарық мұны девальвацияның алғышарттары деп бекер ойлайды. Негізінде, бұл бар болғаны кішігірім қозғалыс қана", - деп түсіндірді экономист. Құдайбергеновтің айтуынша, рубльдің не болары әзірше белгісіз. "Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің жолдауы болады. Ол сол жолдауда экономикалық құбылыс туралы айтуы тиіс және содан кейін рубль құлдырай ма тұрақтала ма анық болады", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro