24 маусым 2021 | 12:31

Өңір әкімдіктері 14 миллиард теңгені игермеген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Биыл қаңтар-мамырда республикалық бюджеттен өңірлерге 645,6 миллиард теңге мақсатты трансферттер бөлінді. Оның 97,5 пайызы ғана игерілген, - деп хабарлайды Finprom.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл қаңтар-мамырда республикалық бюджеттен өңірлерге 645,6 миллиард теңге мақсатты трансферттер бөлінді. Оның 97,5 пайызы ғана игерілген, - деп хабарлайды Finprom.

Игерілмей қалған сома - 16,3 миллиард теңге. Оның ішінде 2,4 миллиард теңге қаражат үнемделген, ал 13,9 миллиард теңге - таза игерілмеген сома. Елдегі күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдай кезеңінде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) халықтың өмірін жақсартуға бағытталған белгілі бір мақсаттарға арналған 14 миллиард теңгеге жуық қаражатты игермеген, деді Finprom сарапшылары.

Ел өңірлері бойынша қаражаттың ең көп игерілмей қалуы Алматыда байқалған: небәрі 90,3 пайыз. Жаратылмаған сома - 4,7 миллиард теңге. Оның 156,6 миллион теңгесі - қаражатты үнемдеу, қалған 4,6 миллиард теңгесі - игерілмеген.

Жалпы анти-көшбасшы бес аймақ мақсатты трансферттердің 9,5 миллиард теңгесін игермеген, ал бұл қаражат үнемдеуді ескермегенде. 

Айта кетейік, 2020 жылы бөлінген тиімсіз пайдаланылған бюджет сомасы 570 миллиард теңге болған. Бұл туралы маусымның соңында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети