"Отбасы банк" баспасөз қызметіндегілер npf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтініштің жойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отбасы банк" баспасөз қызметіндегілер npf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтініштің жойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Достар, егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектеуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
- Егер қажет сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
- Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе. Мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек;
- Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек", - деп жазылған
банктің Instagram желісіндегі парақшасында.
Видео-нұсқаулық: Зейнетақы жинағынан ақша алуға өтінімді қалай беру керек
Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болады.
Зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алуға бола ма?
Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы жинағынан біржолғы төлем алу онлайн-платформасы enpf-otbasy.kz қосылды. Сондай-ақ "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын алу үшін берілген өтінім қанша күн қаралатынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!