Павлодарда банк қызметкері мектепте сабақ берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда банк қызметкері мектепте сабақ берді © pavlodarnews.kz

Павлодарлық оқушыларға банк қызметкері сабақ берді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық оқушыларға банк қызметкері сабақ берді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Порталдың хабарлауынша, Павлодар қаласының № 23 мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында "Карта және қабылдау" қаржы сауаттылығына байланысты бірінші сабақ өткізілді.

"Сабақты "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ № 249903 бөлімше бастығы Жанна Апсалямова жүргізді. Сабақ барысында "КСРО Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңы туралы және 1991 жылғы Қазақстандағы жеке меншік банк жүйесінің құрылуы жайлы мәлімет ұсынылды. Оқушылар Лондон фабрикасы Harrison&Sons тенгенің бірінші партиясының шығу тарихын және Қазақстанға тиражын жеткізу, Германиядағы қазақстандық тиындардың басқа елдердегі банктерге қамтамасыз ету тарихын қызықтап тыңдады", - делінген жарияланымда.

Сонымен қатар, Жанна Апсалямова қазақстандық банкноттың әлемде үш рет үздік болып танылғанын (2011, 2012 және 2013 жылдары) атап өтті. Сондай-ақ, 500 теңгелік банкноттың атаулы құнына әртүрлі шырайлы қорғанышы бар екенін көрсетті. Әр оқушы банкноттың шынайлылығын өзінше ультракүлгін шам арқылы тексере алды. Оқушылар келесі сабақта Халық банктің банкоматы арқылы төлем карточка түрлерін, төлем жүйесі және амалдары жөнінде танып біледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети