Мемлекет басшысы жергілікті кәсіпкерлерді қаражатты шетел есепшоттарында емес, Қазақстанда сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы жергілікті кәсіпкерлерді қаражатты шетел есепшоттарында емес, Қазақстанда сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сіздер бизнесмендерге жеткізулеріңіз қажет. Қараңыздар, алдыңғы заңдастыруда біз ешкімді жазаламадық. Мен тағы да кепілдік беремін, ақшаларыңызды Қазақстанға алып келіңіздер, олар бізде жұмыс істесін. Мүмкін, біз артық кеткен шығармыз, құқық қорғау мәселелерінде әлденені жақсарту қажет шығар. Бірақ қаражат жұмыс істеуі үшін оны әкелу керек. Біріншіден, сақтаулы тұрады, екіншіден, отанға қызмет етеді, үшіншіден, бұл жерде тыныш өмір сүріп, тыныш ұйықтайтын боласыздар", - деді Назарбаев.
Президент қазіргі мүлікті заңдастыру науқанының бизнесмендер үшін шетелдегі қаражатты жария етуге мүмкіндік екенін айтты. Мемлекет басшысы екі жылдан соң барлық 17,5 миллион адам үшін кіріс пен шығысты декларациялау болатынын еске салды. "Сол кезде қиындықтар туындайды", - деді Президент.
Назарбаев ешнәрсені жасырып қалуға болмайтынын ескертті. Ол жуырда әлем бойынша шетелдің бір банкінде ақша сақтаған 100 мың адамның мәліметінің әп-сәтте жария болғанын айтты.
"Ол жақта бізді ешкім жақсы көрмейді, ол жақта бізді ешкім күтіп отырған жоқ. Бәрі осында", - деді Назарбаев. Президент дүкендерде отандық өндірушілерді қолдау туралы жуырда айтқанының жай ғана сөз емес, барлық қазақстандық үшін патриоттық акті екенін айтты. "Өзіміздікін тұтыну қажет", - деген ол отандық өнімнің ағза үшін ең пайдалы екенін атап өтті.