Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Путиннің жолдауы рубль бағамын ұстап тұра алмады - сарапшы

05 Желтоқсан 2014, 18:00
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин рубль бағамын ұстап тұра алмады. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне PROFIT Group аналитикалық компаниясының департамент басшысы Глеб Задоя хабарлады. 

Еске салайық, 4 желтоқсанда Владимир Путиннің Федералдық Жиналысқа арнаған жыл сайынғы жолдауы өтті, ол жолдауда көптеген өзекті мәселелерге қатысты ойын жеткізді. Шараға қатысқан нарықтың қатысушылары жолдаудан үлкен үміт күтті, әсіресе рубль бағамына қатысты қолдау болар деп ойлады. "Алайда президент жолдауынан кейін де рубль құлдырай берді, Орталық банк қадағалап отырды, бірақ мұнай бағасы да арзандай берді. Бір сөзбен айтқанда, жаңа ештеңе жоқ", - дейді сарапшы.

Айта кетейік, Путиннің жолдауы кезінде рубльдің бағамы 50 копейкаға көтерілді, бірақ жолдау аяқтала сала қайта құлады. Ақырында доллар 53 рубль 19 копейка, еуро 65 рубль 65 копейкамен сатылды. Ресейлік сарапшылардың мәлімдеуінше, егер мұнай бағасы 60 долларға дейін түссе, доллар 58-60 рубльмен, ал еуро жыл соңына дейін 72-75 рубльмен сатылатын болады.

Задоя сонымен қатар Ресей президенті өз жолдауында "үкімет рубль бағамын кімнің әдейі құлатып отырғанын біледі және оларға ықпал ететін әрекетіміз де бар екенін" нақты түсіндіріп берді дейді. Бұл мәселені шешу Орталық банкке тапсырылды. "Жалпы Орталық банк рубль бағамына артық қысым келтірмеудің барлық іс шарасын жүргізді. Бірақ валюта нарығында отқа май құйып отырған кері әсерлер күшін жояр емес", - дейді сарапшы. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай