19 желтоқсан 2014 | 12:02

Путиннің сөзінен кейін рубль бағамының қалыпқа келетін түрі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінен кейін рубль бағамының қалпына келетін түрі бар, - деп хабарлайды Tengri FM радиосының ақпарат қызметі "Магута Қоры" компания активтерін басқарушы Платон Магутаға сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Ресейде Владимир Путиннің жыл сайынғы баспасөз мәслихаты өтті. Ол рубль бағамын қалай тұрақтандыру керектігін атап өтіп, Ресейдегі дағдарысты сыртқы факторлармен байланыстырған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Сарапшының айтуынша, кешелі бері рубль бағамында нақты өзгеріс болған жоқ. "18 желтоқсан күнгі көрсеткіш бойынша рубльдің долларға бағамы 1,6 пайызға өсіп, бағам 61,15 рубльді құрады, сондай-ақ бағамның құбылуы 2,5 пайызға күрт тыйылды. Ең алдымен, ресейлік ақша Центробанк пен үкімет тарапынан жүргізілген көптеген батыл шараны қолдады. Сонымен қатар, Ресей банкі қаржы нарығының құралдары арқылы банк секторына банк өтемпаздығын ұсынатын құралдарды арттырды. Одан бөлек, РЕПО бағдарламасы аясындағы құрылымдары кеңейтілді. Рубль бағамын қолдаушы қосымша фактор бір баррелінің бағасы 63 доллардан жоғары көтерілген Brent маркалы мұнай болды", - деді Магута.

Сарапшының айтуынша, жақын күндері рубльдің 6-8 айдағы өсімі туралы қорытынды шығады. "Егер Центробанк пен үкімет батыл қадамдарға баратын болса, қаржы нарығы қалыпқа келуі мүмкін, алайда рубль бағамын қалпына келтіру мүмкін емес сияқты", - дейді сарапшы. Айта кетейік, 16 желтоқсанда рубльдің долларға шаққандағы бағамы тарихта тұңғыш рет 80-ге дейін өсті, ал евро бағасы 100 рубль болды. Валюта құны Центробанк негізгі мөлшерлемелерін 17 пайызға дейін арттырғаннан кейін құлдырай бастады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети