Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады © kazpravda.kz

Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған. Толыққанды еңбек өтілі уақытын анықтау үшін 2 миллионға жуық қазақстандықтың құжаттары түбегейлі тексерілген.

"Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54 -100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 миллион адамды қамтиды. Оның ішінде 1 миллионға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы 37-ден 81 пайыз деңгейінде болады", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Халыққа есеп беру барысында Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастардың мәселесіне де тоқталды. Ақпарға сенсек, жыл сайын Қазақстанға келетін отандастардың саны 20 мыңға жуықтайды. Бірақ заңдық тұрғыда көбіне елде жұмыс істейтін шетелдіктерге жағдай жасалған. Іс жүзінде демографияны көтеріп, елге оралатын азаматтардың бейімделуіне ешбір қолдау жоқ. Осыған орай, аталмыш ведомство ағымдағы жылы көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақшы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети