Қазақстанда ақша мен мүлікті заңдастырудың мерзімі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ақша мен мүлікті заңдастырудың мерзімі анықталды Бақыт Сұлтанов. ©aksay.kz

Қазақстандағы ақша мен мүлікті заңдастыру науқаны ағымдағы жылыдың 1 қыркүйегінде басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ақша мен мүлікті заңдастыру науқаны ағымдағы жылыдың 1 қыркүйегінде басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында ақша мен мүлікті заңдастыру туралы заң жобасы қаралды. "Оған сәйкес, жария етілетін ақша мен мүлік табыс болып саналмайды. Сол себепті оның бәріне салық салынбайды. Ал ақшаны заңдастыратын азаматтар бірқатар баптар бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", - дейді Б.Сұлтанов. Алайда адамның конституциялық құқықтарына қарсы қылмыстар мен жемқорлықпен келген мүлік заңдастыруға жатпайды. Бұдан бөлек, біреудің атында жазылған сан алуан құрылыс нысандарын заңдастыруға болады. Сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлікті де заңдастырып алуға мүмкіндік бар.

Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, заң жобасында ақша мен мүлікті заңдастырудың нақты мерзімі жазылған. Аталған науқанды ағымдағы жылы 1 қыркүйекте бастап, келесі жылғы 31 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети