Қазақстанда табысы ең төмен өңірлер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда табысы ең төмен өңірлер анықталды © Ярослав Радловский

Қазақстанда табысы ең төмен өңірлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда табысы ең төмен өңірлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, табысы ең төмен өңірлер 2014 жылдың төрт тоқсанындағы көрсеткіштер бойынша анықталды. Олардың көшбасында: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары тұр, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 25 - 40 пайызға төмен.

Ал керісінше табысы жоғары, яғни халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша бірінші орынды - Атырау облысы мен Алматы және Астана қалалары алып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1 - 1,8 есеге асқан.

Сонымен қатар, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 66 659 теңге екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланған болатын. 2015 жылдың 1-тоқсандағы көрсеткіштеріне сәйкес, орташа жалақы 118 638 теңгеге тең. Елімізде ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 58,0 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 51,1 пайызға төмен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети