Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеді © Ярослав Радловский

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылы сәуірде теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы номиналдық көрсеткіш бойынша 0,1 пайызға әлсіреді. Сәуірдің соңында теңгенің ресми бағамы және теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 185,8 теңге болды.

Сонымен қатар, 2015 жылы сәуірде қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтың көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 70,4 пайызға ұлғайғаны белгілі болды.

"Сауда саттықтың көлемі ұлғайып, 5,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 1,4 пайызға өсіп, 2015 жылғы сәуірде 0,5 миллард АҚШ долларын құрады. Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 2015 жылғы наурызбен салыстырғанда 62,2 пайызға ұлғайып, 6,3 миллиард АҚШ долларын құрады", - делінген банктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Fitch Ratings халықаралық рейтинг жасау агенттігі 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңге құнсыздануы мүмкін деген мәлімет таратқан болатын. "Біз президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңгенің ары қарай құнсыздануы мүмкін деп есептейміз. Ел басшысы бір ресейлік рублге 3,5-4,5 теңге дәлізін қолайлы деп атаған болатын, бұл 2014 жылдың соңындағы айырбастау бағамымен салыстырғанда 13-тен 45 пайызға дейінгі долларға шаққандағы әлеуетті құнсыздануды болжайды", -делінді агенттіктің жасаған шолуында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети