Қазақстандықтар 403 миллиард теңгеге автокредит алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 403 миллиард теңгеге автокредит алған © avto25.ru

Қазақстанда 1 қазандағы жағдай бойынша автокредит бойында қарыз сомасы 403,1 миллиард теңгеден асады, бұл 2015 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 11,6 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бірінші кредит бюросы сараптама орталығының зерттеуіне сілтеме жасап.

Зерттеуде осы кезеңде кредит келісімшарттарының саны бойынша оң динамиканың байқалғаны атап өтілді, яғни 10 ай ішінде 31,5 мыңға көбейген. 

Сонымен қатар, уақытылы төлемегендердің үлесінің де өсіп жатқаны айтылады. 10 ай ішінде NPL 13,9 миллиард теңгеге өсіп, жалпы қарыз портфелінің 10,3 пайызын құрады. 

Орталық мамандарының айтуынша, келісімшарттардың орташа сомасы 1,84 миллион теңгеден 1,77 теңгеге дейін азайған. Бұл арқылы постдевальвациялық кезеңде адамдардың арзан автокөліктерді сатып ала бастауын білдіретін жаңа трендтің байқалғанын анықтауға мүмкіндік туған. Қазақстанда күн сайын автомобиль сатып алуға шамамен 100 кредит беріледі екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети