Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартып жатыр - зерттеу

Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартып жатыр - зерттеу © Pixabay.com

Қазақстанда алғаш рет карта арқылы қолма-қол ақша шешуден сол карта арқылы төлем жасау саны өсті, - деп хабарлайды Finprom.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алғаш рет карта арқылы қолма-қол ақша шешуден сол карта арқылы төлем жасау саны өсті, - деп хабарлайды Finprom.kz

2019 жылы қыркүйекте қазақстандық және шетелдік эмитенттердің банк карталары арқылы төлем жасау айналымы - 1,4 триллион теңге болса, ал банкоматтардан ақша шешіп алу - 1,3 триллион теңге. 

Карта арқылы төлем жасау бір айда 43,9 пайыздан 51,7 пайызға өскен. Былтырғы көрсеткіш - 31,7 пайыз. 

Бұл ретте төлем карталарындағы қолма-қол ақшаның үлесі бір жылда 72,5 пайыздан 58,4 пайызға төмендеген. Ал бес жыл бұрын 90 пайызға тең болған. 

Биыл қаңтар-қыркүйек бойынша банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы 11,7 триллион теңге карта арқылы алынған. Қаңтар-қыркүйектегі қолма-қол ақша алудың жылдық өсу қарқыны орта есеппен - 22,4 пайыз.

Қазақстандағы өңірлерде бір жылда қолма-қол ақша алудың ең жоғары өсімі Алматыда анықталған: 40,8 пайыз - 3,2 триллион теңге. Екінші орында Түркістан облысы мен Шымкент: бір жылда 31,3 пайызға өскен, бұл - 1,1 триллион теңге. 

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда 1,3 триллион теңге, бұл былтырғыға қарағанда 16,9 пайызға көп. Жалпы банкоматтар арқылы ақша алудың жоғары көрсеткіші Қазақстанның 17 облысында да тіркелген. 

Банк карточкалары арқылы жасалатын төлемнің санының көбіне қарамастан Қазақстанда банкомат желілерінің саны өскен. 2019 жылы банкоматтардың саны 16,5 пайыз өскен, яғни 11 600 банкомат. 

Банкомат жүйелерінің санының өсуі құралдардың қолма қол ақшаны қабылдайтын функциясының пайда болуынан. Ақша шешу құралдары еліміздің оңтүстік аймағында көп: Алматы облысында 31,8 пайыз - 560 банкомат, Түркістан және Шымкентте 28,1 пайыз - 938 банкомат, Қызылорда облысында 23,6 пайыз - 398 банкомат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети