Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 2 миллиард теңге жұмсаған © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 1 913 267 539 теңге жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұманбай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жарты жылда әдемі нөмірлерге 1 913 267 539 теңге жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұманбай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ондай нөмірлерді көбіне  Астана мен Алматы тұрғындары сатып алған. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, арнайы ХҚКО-ларда жарты жыл ішінде жалпы сомасы 1 913 267 539 теңге болатын мемлекеттік нөмірлер тіркелген.

"Бұл сома былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге көп. 2017 жылдың 6 айында қазақстандықтар 1574 әдемі нөмір үшін 587 406 055 теңге төлеген", - деп жазған Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, әдемі нөмірлерді көбіне Астана мен Алматы қаласының тұрғындары алған. Сондай-ақ, тізімде Түркістан (580), Жамбыл (457) және Қостанай облыстары (376) бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети