Қазақстандықтардың бюджетке Toyota Camry 70 маркалы 2333 көлік қарыз екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың бюджетке Toyota Camry 70 маркалы 2333 көлік қарыз екені анықталды © kolesa.kz

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, қазақстандықтар 27,4 миллиард теңге салық берешегі бар. Олардың 76,6 пайызы көлік салығын төлемегендер. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Бұл сомада басты қарыз - 20 миллиард теңге, өсімі - 7,2 миллиард теңге. Көлік құралдарына салынатын салықтың қарызы 21 миллиард теңгеге жеткен.

21 миллиард теңгеге құны 9 миллион теңге болатын Toyota Camry 70 маркалы көліктің 2 333 данасын алуға болады.

Сондай-ақ, МКД өкілдері қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 1,3 миллиард теңге екенін айтып өтті. Басты қарызы - 900 миллион болса, өсімі 400 миллион теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың тағы 700 миллион теңге жер салығы үшін қарыз екені айтылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети