Қазақстандықтардың депозитінің жартысы доллармен сақтаулы - ҚР Ұлттық банкі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың депозитінің жартысы доллармен сақтаулы - ҚР Ұлттық банкі ©REUTERS

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 765,1 миллиард теңге (бір айда 3,4 пайызға қысқарды) болды, шетел валютасындағы депозиттер 8 886,2 миллиард теңгеге дейін 3,7 пайызға ұлғайды. Долларлану деңгейі тамызда 50,3 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 765,1 миллиард теңге (бір айда 3,4 пайызға қысқарды) болды, шетел валютасындағы депозиттер 8 886,2 миллиард теңгеге дейін 3,7 пайызға ұлғайды. Долларлану деңгейі тамызда 50,3 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда іс жүзінде өзгермей (өсу 0,1 пайызға), 2017 жылғы тамыздың соңында 17 651,3 миллиард теңге болған. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 614,0 миллиард теңгеге дейін 0,9 пайызға қысқарды, жеке тұлғалардың депозиттері 8 037,3 миллиард теңгеге дейін 1,2 пайызға ұлғайды", - делінген қаржы реттеушісінің хабарламасында.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2017 жылғы тамызда 3,6 пайызға қысқарып, 5 288,7 миллиард теңге болды, шетел валютасындағы депозиттері 4 325,4 миллиард теңгеге дейін 2,7 пайызға (заңды тұлғалар депозиттерінің 45,0 пайызы) ұлғайған.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 3476,5 миллиард теңгеге дейін 3,1 пайызға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 4 560,8 миллиард теңгеге дейін 4,7 пайыз-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 56,7 пайызы) өсті.

Мерзімді депозиттер 12 333,3 миллиард теңгеге дейін 2,7 пайызға өсті. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 5 847,1 миллиард теңге, шетел валютасымен салымдар 6 486,2 миллиард теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,0пайыз (2016 жылғы желтоқсанда - 10,5пайыз), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 12,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети