07 тамыз 2014 | 18:17

Ресейге аударылған ақша кері қайтқан қаржыдан екі есе көп

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жеке тұлғалардың Қазақстаннан Ресейге аударған ақшаларының көлемі Ресейден Қазақстанға аударылған қаражаттың сомасынан екі есеге көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Макроэкономикалық және қолданбалы экономика-математикалық зерттеулер орталығының директоры Сара Алпысбаеваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жеке тұлғалардың Қазақстаннан Ресейге аударған ақшаларының көлемі Ресейден Қазақстанға аударылған қаражаттың сомасынан екі есеге көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Макроэкономикалық және қолданбалы экономика-математикалық зерттеулер орталығының директоры Сара Алпысбаеваға сілтеме жасап.

Ол Ұлттық банктің мына мәліметін келтірді: 2013 жылдың 10 айында жергілікті жеке тұлғалардың Ресейге жөнелткен ақша аударымдары 82,9 млрд теңге болған, ал Ресейден аударылған қаражат көлемі - 45,4 млрд теңге.

"Әдетте жеке тұлғалар аударымдарының негізгі бөлігі еңбек миграциясымен байланысты болады. Байқалып отырған айырмашылыққа қарап, ақша аударымдары Ресейде оқып жатқан қазақстандық студенттерге жөнелтілуі мүмкін деп топшылауға болады. Сонымен бірге, ақшаның денін Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік мамандар аударуы ықтимал. Аударылған ақшаның аз бөлігі Ресейде жұмыс істейтін қазақстандықтардан түсуі мүмкін", - дейді Алпысбаева.

Сарапшының айтуынша, статистикаға қарағанда, соңғы жылдары Қазақстаннан Ресейге көші-қонның азайғаны байқалады. Егер 2012 жылы Ресейге 27 мың адам барса, 2013 жылы 20 мың адам, 2014 жылдың бес айында бар болғаны 3000 адам барған.

"Егер көші-қонның жалпы ағымын алып қарасақ, Қазақстанға қанша адам келсе, сонша адам кетеді", - дейді ол. Өткен наурыз айында Сара Алпысбаева Қазақстаннан Ресей Федерациясына барушылардың көп екенін айтқан болатын. "Ресей қазір демографиялық дағдарыс кезеңінде тұр, ол халықтың қартаюымен және зейнет жасындағы халықтың көбеюімен байланысты. Сондықтан РФ көрші елдерден келушілерді белсенді ынталандырып отыр", - дейді сарапшы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети