22 қараша 2022 | 11:02

Ресейлік инвесторлар Мәскеу биржасында теңгені сатып алып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәскеу биржасында теңгедегі инвесторлар белсенділігі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. "Коммерсантъ" мәліметінше, өткен аптада теңгемен сауда көлемі 4,2 ​​миллиард рубльден асты, бұл, мысалы, жаздағыдан бірнеше есе жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеу биржасында теңгедегі инвесторлар белсенділігі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. "Коммерсантъ" мәліметінше, өткен аптада теңгемен сауда көлемі 4,2 ​​миллиард рубльден асты, бұл, мысалы, жаздағыдан бірнеше есе жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрсеткіштің өсуіне ең алдымен сыртқы сауда қызметінде ұлттық валютаға ауысатын компаниялар мен банктер тарапынан сұраныстың артуы ықпал етіп отырғаны атап өтілді.

kommersant.ru

18 қарашада Мәскеу биржасында қазақстандық теңгемен сауда-саттық көлемі 1,13 миллиард рубль болды, бұл барлық уақыттағы максимал көрсеткіш. Жалпы алғанда, өткен аптада инвесторлар қазақстандық валютамен 4,2 миллиард рубльге сауда жасады, бұл өткен аптамен салыстырғанда 7 пайызға және жаз айларының мәндерінен 3-4 есе жоғары.

Инвесторлардың теңгедегі белсенділігінің артуы негізгі валюталық жұптармен сауда көлемінің жалпы төмендеуі аясында болып отырғаны атап өтілді.

"ТМД елдерімен, мысалы, Қазақстанмен тығыз саяси және экономикалық байланыстар жолға қойылған елдермен мұны істеу оңай әрі жылдам. Бұдан басқа, Қазақстан логистикалық хабтардың біріне айналды, ол арқылы Ресей Федерациясының бірқатар экспорттық-импорттық операциялары жүріп жатыр", - деді Совкомбанктің бас талдаушысы Михаил Васильев.

"БКС Мир инвестиций" қор нарығының сарапшысы Валерий Емельянов жаздың басынан бері теңгедегі айналымның өсуі бизнес мүддесі үшін шетел валютасын сатып алатын банктердің сұранысымен байланысты деп есептейді.

Ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресей Федерациясынан, оның ішінде Қазақстанға белсенді түрде кеткен жеке инвесторлар тарапынан да теңгеге қызығушылық артып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети