Рубль бағамы 3 теңгеден төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ұлттық банкі сайтына сілтеме жасап. Рубль бағамы 2,93 теңге болды.
Рубль бағамы 3 теңгеден төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ұлттық банкі сайтына сілтеме жасап. Рубль бағамы 2,93 теңге болды.
Бұған дейін 2014 жылы қарашада Қазақстандағы рубль сатылымының 1,5 есеге артқаны хабарланған болатын. Қазақстандықтар қараша айында барлығы 16,3 миллиард рубль сатып алған, бұл қазан айымен салыстырғанда 45 пайызға жоғары. Ресей ақшасына Қазақстан бойынша Астана қаласында сұраныс ең жоғары болды, мұндағы көрсеткіш - 87 пайыз. Астанада 1,9 миллиард рубль сатып алынды. Алматы тұрғындарымен салыстырғанда миллиард рубльге артық, мұндағы сұраныс қазан айымен салыстырғанда 59,5 пайызға артқан.
Еске сала кетейік, Ресейде рубль бағамы төмендегеннен кейін Қазақстанда оның сатылымы күрт арта бастады. Қарашаның басында Мәскеу биржасында доллар бірінші рет 48 рубльге, ал еуро 60 рубльге дейін қымбаттады. Бір айдан кейін рубльдің долларға шаққанда бағамы 80-нен, ал еуроның бағамы 100 рубльден асты. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, 2015 жылдың басында рубль бағамына тағы да қауіп төнді және жақын арада ол құлдырай береді.