"Шағымданыңыздар, әр жағдайды өз қолыма аламын" - Дәленов тарифтер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шағымданыңыздар, әр жағдайды өз қолыма аламын" - Дәленов тарифтер жайлы © pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коммуналдық қызмет тарифі төмендемеген тұрғындардан өзіне тікелей хабарласуын сұрап, әр жағдайды шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коммуналдық қызмет тарифі төмендемеген тұрғындардан өзіне тікелей хабарласуын сұрап, әр жағдайды шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тарифтер бойынша. Кеште пошта жәшігімнен түбіртек алдым. Оны әлі қарамадым, жәй хабарлап өтейін. Электр тарифі 15,32 теңге еді, енді 13,89 теңге болды. Яғни, 10 пайызға арзандады. Бұл Астана бойынша. Жылу - 3 097 теңге болатын, қазір - 2 788. Менде барлығында да 10 пайызға арзандаған. Егер сіздерде бұлай болмаса, тікелей маған хабарласыңыздар. Бұл мәселені өз бақылауыма аламын", - деп уәде берді Дәленов үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, министрлік барлық қала мен облыс бойынша ақпараттарды таратады. Сол арқылы тұрғындар өз қаласында бекітілген тариф пен өз түбіртегіндегі бағаны салыстыра алады.

"Шағымданыңыздар, баға уәде етілгендей төмендеуі үшін әр жағдайды өз бақылауыма аламын. Халық өзгерісті сезінуі керек", - деді жаңа министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети