09 қыркүйек 2020 | 11:14

Салымшылар зейнетақы жинағын қолма-қол алмайды - Еңбек министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV тікелей эфирінде тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV тікелей эфирінде тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Виктория Шегайдың айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді.

Реклама
Реклама

"Қаражаттың сол мақсат бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни, зейнетақы жинағын қолға алғысы келетін салымшылар ала ма деп айтатын болсақ - жоқ. Оператор тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін "Отбасы банк" мәселесін қарастыруды ұсынады, бұл Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалады", - деді Шегай.

Зейнетақы қорындағы жеке шотты қалай тексеруге болады?

Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная