28 қазан 2015 | 10:15

Сарапшылар қараша айында доллар бағамының қандай болатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар қараша айында доллар бағамының қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуынша, қазіргі таңда теңге бағамында айтарлықтай өзгеріс болады деген алғышарттар жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар қараша айында доллар бағамының қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың айтуынша, қазіргі таңда теңге бағамында айтарлықтай өзгеріс болады деген алғышарттар жоқ.

"Альпари" агенттігінің сарапшысы Анна Бодрованың болжамы бойынша, қарашада теңгенің бағамы қазан айындағыдай болады, яғни бірнеше долларға құбылып тұрады. Оның айтуынша, бағам дәлізі 277-282,30 теңге аралығында, тіпті бұдан сәл жоғары болуы мүмкін.

"Бағам әлсіреуінің шамалы диапазоны 2-4 пайызға тең болады, яғни орташа айлық орташа мән бар. Бұл "еркін ауытқудағы" валюта үшін қалыпты жағдай. Теңгенің біртіндеп әлсіреуін жекелеген тұтынушылар байқамайды, себебі ритейл баға көрсеткіштерін ұлттық валютаның биржадағы жағдайы бойынша емес, айқын экономикалық қауіп нәтижелері бойынша жазады. Теңге өзінің тепе-теңдік мәніне жетпейінше жағдай осылай болады", - деді маман.

Оның сөзіне қарағанда, қазан айында теңге долларға шаққанда 3,3 пайызға әлсіреген. "Соңғы алты айдағы девальвация 47 пайыз деп бағаланып отыр, оның басым бөлігі тамыз айына тиесілі. Қараша валюта нарығы үшін беймаза ай болады, себебі енді оның құнын нарық белгілейді. Жаңа айда инвесторлар мөлшерлеме бойынша АҚШ-тың федералдық қор шешімімен (28 қазан) және несие-қаржылық саясатын қатаңдатуды бастау бойынша шамалы тұспалмен келеді. Мұнайға қатысты жағдай соңғы күндері аса мәз болмай тұр. Brent маркалы "қара алтынның" техникалық картинасы көрсетіп бергендей, 47 доллар мөлшеріндегі бағаны ұстап тұру саудагерлердің позициясын күшейтеді. Ол шикізат экономикасының валютасы ретінде теңгеге де, рубльге де қосымша қысым келтіреді", - деді Бодрова.

Тағы бір сарапшы, BRB INVEST бас директоры Ғалым Құсайынов Ұлттық банктің айтарлықтай ауытқушылыққа жол бермейтініне сенімді, сондықтан ол бағам 270-280 теңге көлемінде сақталады деп есептейді. Оның ойынша, теңге бағамына қысым келтіру әлі де жүріп жатыр және ол депозиттердің долларлануымен және жеке секторларға сыртқы қарыздарды өтеумен байланысты болуы мүмкін. Алайда қараша - салық төленетін ай. Бұл айда ҚҚС пен жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі салықтары төленеді. Тиісінше, компаниялардың көпшілігіне салық міндеттемесін орындау үшін жинақты теңгеге ауыстыру керек болады. Бұл бағамға қолдау көрсетеді", - деген сенімде экономист.

Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов те қазіргі таңда теңге бағамында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп есептейді және оның болжамынша, қарашада бағам 270-285 теңге аралығында сақталады.

"ҚР Орталық банкі валюта интервенцияларын жүргізуден бас тартпайды, себебі нарықтың көптеген қатысушылары ұлттық валюта бағасының әділдігіне күмәнмен қарайды. Сонымен қатар, Ұлттық банктің несие бойынша пайыздық мөлшерлемені көтергені белгілі (Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12-ден 16 пайызға дейін көтерді) және бұл шара сатып алу қабілетін төмендетіп, инфляциялық процесстерді бәсеңдетуге бағытталды, - деді Ахметов.

Сарапшы Ресейдегі валюта нарығында болған жағдайларды еске салып, бізде де соған ұқсас сценарийдің болатынын айтты.

"Теңгеге қатысты айтатын болсақ, біз де соған ұқсас сценарийді көреміз, бірақ жергілікті нарықтағы қатысушылардың санына қарағанда ауытқушылық рубльге қарағанда бірнеше есеге төмен болады", - деді ол.

Еске сала кетейік, 20 тамызда ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети