Теңгенің долларға шаққандағы курсы осы аптада өзгермейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова айтты. Сарапшының айтуынша теңгенің курсы бір қалыпты, ұлттық валюта тұрақты.
Теңгенің долларға шаққандағы курсы осы аптада өзгермейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова айтты. Сарапшының айтуынша теңгенің курсы бір қалыпты, ұлттық валюта тұрақты.
"Теңгенің долларға шаққандағы бағамы осы аптада 182 теңге болмақ. Евроның курсы сәл төмендеп тура 230 теңге болуы мүмкін. Ал рубль 4,75-4,95 теңге аралығында болады", - дейді Бодрова.
Сарапшының айтуынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы өткен аптада да өзгерген жоқ. Осы курс бір ай бойы тұрақты болып келді. Ал евроның курсы біраз төмендеді. Өткен аптаның соңында тегенің евроға шаққандағы бағамы 235.80 теңге болған. Еуропалық Орталық банктің шешімімен евроның курсы өзгерді. Бұны сарапшылар Forex халықаралық валюта нарығында доллардың төмендеуіне байланысты деп түсіндіріп отыр.
Бұған дейін, 5 қыркүйекте Ұлттық банк теңгенің курсын өзгертуге қатысты шешім қабылдайтыны туралы хабарланған. Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов теңгенің долларға шаққандағы бағамының коридоры 182-188 ,170-188 теңге аралығында болатынын айтқан еді. Алайда бүгінгі күнге дейін теңгенің курсына байланысты қандай да бір шешім қабылданғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Бодрованың айтуынша, қандай механизмдерге сүйеніп теңгенің тұрақты болып тұрғанын түсіндіру мүмкін болмай тұр. "Егер тамыз айында валюталық интервенция жоғарыласа, онда теңгенің тұрақтылығына таңғалатын ештеңе жоқ. Онда ары қарай да теңгенің валюталық коридоры кеңейе түседі. Алайда Ұлттық банк сату мен сатып алу бағамын жариялап отырған жоқ", - деді ол.