19 қыркүйек 2018 18:37

Сарапшылар теңгенің бірден нығаюының себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Долларға қатысты ұлттық валюта бағамы нығайып келеді. Қаржы саласының мамандары теңгенің көтерілуіне қандай себептердің болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Долларға қатысты ұлттық валюта бағамы нығайып келеді. Қаржы саласының мамандары теңгенің көтерілуіне қандай себептердің болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Halyk Finance басқармасындағылардың айтуынша, теңге рубльмен бірге нығая түсті.

"Ресейде долларға қарасты рубльдің бағамы нығайып келеді, себебі олардың Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 7,5 пайызға дейін арттырды, сонымен қатар, бюджеттік ережелерге байланысты валютаны сатып алу үзілісін ұзартты. Ресейлік регулятордың бұл әрекеттері рубльді нығайтты, ал біздің теңге рубльдің ізімен кетіп барады, бұл дегеніміз Қазақстан экономикасы үшін өте жаман. Біздің өз экономикамыз бар, оған Ресеймен салыстырғанда мұнайдан өзге фундаменталдық факторлар әсер етеді. Орталық банктің немесе Ресейдің Қаржы министрлігінің шешімі теңгеге әсер етпеуі керек. Салыстырмалы түрде Қазақстан Ресейден келетін импортқа рубльмен аз төлейді. Бұған көз жеткізу үшін біздің валюта биржамыздағы рубльмен жасалған сауданың аз ғана көлеміне көз салу жеткілікті. Яғни, теңге рубльдің соңынан ермеуі керек", - деп түсіндірді Halyk Finance басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Темірханов. 

Halyk Finance бағалауы бойынша, мұнайдың қазіргі бағасы мен өзге де экономикалық факторлар бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы шамамен 345 болуы тиіс, ал рубль 5,0 теңге. 

"Теңгенің рубльге тәуелділігін азайту керек. Менің ойымша, бұл жерде Ұлттық банк үлкен роль атқаруы қажет. Ол нарықты үйретуі тиіс, теңге рубльге тәуелді, бірақ осынша емес деп. Мысалы, санкциялардың кесірінен Ресейде рубль әлсірей бастаса, Қазақстанда теңге де соның ізімен кетеді, мұндай жағдайда Ұлттық банк валюталық интервенциялармен араласауы керек. Яғни, Ұлттық банк теңгенің рубльмен бірге әлсіреуіне жол бермеуі тиіс, себебі ол Қазақстандағы экономикалық ақиқатқа сай келмейді", - деді сарапшы.

Ұлттық банктегілер теңгенің рубльмен бірге нығайып келе жатқанын теріске шығарды.

"Теңгенің нығаюы түріктердің лирасымен, евромен байланысты, яғни, тек қана рубльға қатысты емес. Көпшілік рубль туралы ғана айтады. Себебі адамдар не көрсе, соны айтады. Сондай-ақ, көп елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді. Осылайша, дамушы елдердің валютасы нығайды, олардың арасында рубль мен теңге бар. Соңғы кездері дамушы елдердің валютасына қарсы халықаралық алып-сатарлардың арасында ойын болды, ол итермелей түсті. Алып-сатарлар әлсірету үшін ойынды бастады, сөйтіп бұл валюталар одан әрі әлсіреді. Біз әлемдік трендке тап болдық. Қазір тепе-теңдіктен өтті. Оның үстіне Ұлттық банк қаржы балансын жариялады, ол жақсарып келеді. Валюталық интервенциялар жөнінде айтар болсам, егер қаржы тұрақтылығына және тағы да басқаға қауіп төнсе Ұлттық банк араласа алады. Ал бағамды түзеу үшін араласу дұрыс емес", - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсайынов.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында бір доллар үшін 370,48 теңге болды. Ал бүгін күндізгі сессиядан кейін доллар бағасы 361 теңгеге түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети