Шетелдік компаниялар 6 миллиард теңгеден аса "Google салығын" төледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік компаниялар 6 миллиард теңгеден аса "Google салығын" төледі Фото ©РИА Новости

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компаниялар төлеген "Google салығы" туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компаниялар төлеген "Google салығы" туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компанияны қосқанда 37 шетелдік компания шартты тіркеу рәсімінен өтті. 2022 жылдың басынан бері бұл компаниялар 6,1 миллиард теңге көлемінде салық төлеген.

"Салықтың ең көп сомасын Ирландия резиденттері саналатын Meta Platforms Ireland Limited (1,6 миллиард теңге) және Apple Distribution International Limited (1,1 миллиард теңге) компаниялары, сондай-ақ АҚШ резиденті саналатын "iHerb" ЖШҚ (1,4 миллиард теңге) компаниясы төледі", - деді МКК өкілдері.

"Google салығын" төлейтін компаниялардың толық тізімі МКК сайтында көрсетілген.

Еске салайық, 2022 жылдан бастап Желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) Қазақстанда ҚҚС ("Google салық") төлеуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети