Әнуар Жұмаділдаев фото Оrtcom.kz
Былтыр шикізаттық емес кірістің көлемі республикалық бюджетте 76 пайызды құрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаевқа сілтеме жасап. Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге мораторий жариялауынан кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында комитет төрағасы салықтан түскен табыс туралы баяндаған болатын. Айтуынша, 2013 жылы шикiзаттық емес саладағы кәсiпорындардың республика бюджетіне қосатын үлес көлемі артып отыр. "2013 жылы жалпы кiрiстiң 75,8 пайызы шикiзаттық емес сектордың үлесiн құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аталған меже 2,3 пайызға өскенін көрсетеді", - дедi ол. Негізінен аталған саладан түскен кiрiс пайдасы 24,2 пайызды құраған. Яғни, жоспарға сәйкес 102,3 пайызға орындалыпты. "Осы бойынша жоспардан тыс 76,9 миллиард теңгенің кірісі орындалды", - деді Ә.Жұмаділдаев брифингте.
Былтыр шикізаттық емес кірістің көлемі республикалық бюджетте 76 пайызды құрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаевқа сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге мораторий жариялауынан кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында комитет төрағасы салықтан түскен табыс туралы баяндаған болатын. Айтуынша, 2013 жылы шикiзаттық емес саладағы кәсiпорындардың республика бюджетіне қосатын үлес көлемі артып отыр.
"2013 жылы жалпы кiрiстiң 75,8 пайызы шикiзаттық емес сектордың үлесiн құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аталған меже 2,3 пайызға өскенін көрсетеді", - дедi ол.
Негізінен аталған саладан түскен кiрiс пайдасы 24,2 пайызды құраған. Яғни, жоспарға сәйкес 102,3 пайызға орындалыпты. "Осы бойынша жоспардан тыс 76,9 миллиард теңгенің кірісі орындалды", - деді Ә.Жұмаділдаев брифингте.