СҚО әкімінің жалақысы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО әкімінің жалақысы қанша?

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің жалақым туралы айтар болсақ, қолыма 766 мың теңге аламын", - деді облыс әкімі журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Осыған дейін, білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғара мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қанша жалақы алатынын айтты.

Құмар Ақсақалов 1965 жылы 24 тамызда дүниеге келген. 1987 жылы В. П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын "Инженер-механик"мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Меңдіқара ауданының әкімі (1998-2002); Таран ауданының әкімі (2002-2004); Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (2006-2010); "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары, басшысы (2010-2014); "Нұр Отан" партиясының хатшысы (2014-2015) болды.

СҚО әкімі болып тағайындалғанға дейін 2017 жылы Ақсақалов Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети