12 қазан 2015 | 10:31

Теңге бағамын қолдауға 78,1 миллион доллар бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды. Сонымен қатар, таңғы сессияда доллар 274,72 теңгеге бағаланды. Айта кетейік, 8 қазанда Ұлттық банк 111 миллион долларға интервенция жүргізді.

Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Бұл бағам әлі күнге сақталып тұр. Сарапшылардың айтуларына қарағанда, Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети