1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Қаржы-қаражат

Теңге қайтадан нығая бастады

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 343,56-ға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 наурыздағы таңғы сессияның алғашқы саудасы 343,7 теңгемен өтті. Сессияда жоғарғы баға 343,73 теңгеге жетсе, төмені 343,2 теңге болды. Сауда көлемі 54,6 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, шетел валютасы айырбас пункттерінде 341-344,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.