15 сәуір 2022 | 09:42

Теңге нығайды. Енді тұрмыстық техника арзандай ма?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ірі сауда желілерінің өкілдері теңге нығайғаннан кейін электрон және тұрмыстық техника бағасы қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ірі сауда желілерінің өкілдері теңге нығайғаннан кейін электрон және тұрмыстық техника бағасы қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Sulpak компаниясының мәліметінше, өткен аптада кейбір категориядағы тауарлардың бағасы түскен. 

"Баға тірі ағза сияқты, оған көптеген фактор әсер етеді. Оның ішінде, қордың болуы, жеткізу мен курс айырмашылығы бар. Көптеген тауар импорт арқылы келеді, ал шетел валютасы теңгеге шаққандағы бағамы арзандаса бағасы да түсуі мүмкін. Ол бірден болатын нәрсе емес, сәл кешірек болады, бірақ жалпы баға түсіп жатыр", - дейді Sulpak компаниясының маркетинг директоры Константин Иванюк. 

"Белый Ветер KZ" ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы Яна Новохацкая ақпанның аяғы мен наурыздың басындағы бағамның өзгеруі жаңадан келген тауар бағасына әсер еткенін айтады. Компания өкілінің сөзінше, барлық тауар импорт арқылы келген. 

"Нақты қай тауардың бағасы өскенін айту қиын. Себебі нақты тауар бойынша баға динамикасын анықтау талабы болмады. Баға түзету бойынша, баға доллар бағамына тепе-тең - 17-19 пайызға көтерілді", - дейді Яна Новохацкая.              

"Технодом" және "Мечта" сауда желілері теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға қалай өзгергеніне қатысты пікір білдіруден бас тартты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети