Теңгенің ресейлік рубльге қатысты әлсіреуі әлі жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғановқа сілтеме жасап.
Теңгенің ресейлік рубльге қатысты әлсіреуі әлі жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғановқа сілтеме жасап.
Экономист ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сүйене отырып, жылдық инфляцияның маусым айының қорытындысы бойынша 17,3 пайызға жеткенін айтып отыр. "Айналымдағы ақшаның құнсыздануына байланысты қызық жағдай болып жатыр. Біз осы көрсеткіш арқылы Ресейді басып оздық (2015 жылдың наурыз айында - 16,9 пайызға жеттік). Меніңше, қыркүйек айынан бастап жылдық инфляцияның көрсеткіші төмендеуі керек болатын. Себебі, былтыр тамыз айынан бастап ұлттық валютаның еркін ауытқуы байқалған болатын", - деді сарапшы.
"Егер тұтыну бағасының индексін зерттейтін болсақ, маусым айында инфляцияның көрсеткіші 0,4 пайызды көрсетсе, 2016 жылдың мамыр айында 0,6 пайызды көрсеткен. Ал өнеркәсіп өнімінің бағасы маусым айында 5,1 пайызға жоғарылағанын байқауға болады. Сондай-ақ, маусым айында рубльдің теңгеге қатысы бағамы 5,09-дан 5,28-ге дейін, яғни 3,7 пайызға дейін нығайды", - деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, 11 шілдеде Ұлттық банк алдындағы отырыста базалық пайыздық төлемнің төмендеуі мүмкін жағдайға байланысты шешім қабылданады. "Бір жағынан, бизнеске қарыз қаражатының төмендеу қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Себебі, маусым айында ресейлік Орталық банк төлемді 0,5 пайызға төмендеткен болатын. Мұны есепке алу керек. Басқа жағынан қарағанда, Қазақстандағы инфляцияның деңгейі әлі жоғары емес. Егер ҚР Ұлттық банк өкілдері осы шешімді қабылдайтын болса, базалық төлем 1 пайызға дейін төмендейді", - деп қорытындылады сөзін Байжанов.
Осыған дейін Байғанов ресейлік бағамның нығаюы теңгенің әлсіреуіне әкелетінін айтқан болатын. "Ресейлік рубльдің бағамы өскен сайын, Қазақстанда өндірілетін тауараларға сұраныс та артады. Яғни, Қазақстанда ең бірінші азық-түліктің бағасы жоғарылайды. Ол да инфляцияның деңгейіне әсер етеді. Әзірше рубльдің қазіргі бағамы бойынша, екі елде де өнімдердің бағасындағы айырмашылық байқалмайды. Бірақ баға 15-20 пайызға жоғарылайтын жағдайда Ресей экономикасы әлдеқайда мықты екенін ескеру қажет", - деді сарапшы. Оның айтуынша, жылдың соңына қарай рубльдің бағамы 5,20-5,40 теңге шамасында болады.
Сонымен қатар, экономист Арман Байғановтың айтуынша, мұнай бағасыны жоғарылуы теңге мен рубльге еш әсерін тигізбейді. Оның себебі Қазақстандағы мұнай өндірудің төмендеуі деп атады. Тағы бір себеп ретінде теңге мұнайдың қымбаттауына байланысты нығая алмай отыр. Мысалы, Ресейде базалық төлем 10,5 пайыз болса, Қазақстанда 15 пайызды көрсетіп тұр. "Елімізде базалық төлемнің төмендеуі екі пайызды құраса, Ресейде 10 ай ішінде базалық төлем 0,5 пайызды ғана көрсетті. ҚР Ұлттық банк өкілдері отандық бизнесті қолдау және оның бәсекелестігін арттыру мақсатында базалық төлемді төмендету жөнінде шешім қабылдайды және ол теңгенің әлсіреуіне әсерін тигізеді", - деді экономист.