Төрт мың қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін арнайы шот ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт мың қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін арнайы шот ашты © Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

4000 қазақстандық "Отбасы" банкінде біржолғы зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін арнайы шот ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

4000 қазақстандық "Отбасы" банкінде біржолғы зейнетақы төлемін рәсімдеу үшін арнайы шот ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Банк мәліметінше, арнайы шотты видеобанкинг арқылы да ашуға болады.

"Биода (парақшаның бас бетінде) көрсетілген сілтеме бойынша өтіңіз немесе банк сайты арқылы бейне қоңырау бойынша операторға қоңырау шалыңыз. Арнайы шотты ашуда мерзімдер мен шектеулер жоғын есте ұстаған жөн, сондықтан барлығымыз үлгереміз", - делінген хабарламада. 

Ең бастысы - жақсы Интернет байланысы және жеке куәлігіңіз жаныңызда болуы қажет. 

Еске салайық, бүгін "Отбасы банк" қосымшасында зейнетақы төлемін аудару үшін шот ашу функциясы іске қосылғаны белгілі болды.

Зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау платформасы іске қосуға толық дайын болды. Тек қол қойылуы тиіс нормативтік-құқықтық актілер қалған еді. Міне, бүгін, 13 қаңтар таңертеңнен бастап "Отбасы банк" қосымшасын пайдаланушылар арнайы шоттарды аша алатын болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети