07 сәуір 2020 09:00

Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоты бұғатталмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоттарына қойылған шектеулер алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың банк шоттарына қойылған шектеулер алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған адамдарға 42 500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған.

Осыған орай, аумақтық МКД тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты  шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтарып жатыр.

Сондай-ақ, Комитет тарапынан Әділет министрлігіне және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасына бұрын шығарылған сот бұйрықтары мен шешімдері, сондай-ақ жіберілген салық бұйрықтары бойынша азаматтардың кез келген шотына салынған тыйым әрекеттерін уақытша тоқтата тұруды және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы орындалудағы салық бұйрықтары бойынша тыйым салуды тоқтата тұруды сұрап, хат жолданды.

Еске салайық, осыған дейін микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін салықтардың барлық түрі мен әлеуметтік төлемдер бойынша төлем мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін кейінге қалдыру туралы, тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін тоқтату туралы шешім қабылданған болатын.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетті, 46 адам айығып, 6 адам қайтыс болған. Айта кетейік, төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы беріліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети