"Тұлпар-Тальго" пойыздарына жаңа жеңілдіктер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тұлпар-Тальго" пойыздарына жаңа жеңілдіктер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыздан бастап күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) мына пойыздардың билетіне 10 пайыз жеңілдік енгізіледі: №35 Алматы-Шымкент,; №49 Алматы-Ақтөбе, №50 Ақтөбе-Алматы, №78 Атырау-Алматы және №90 Қызылорда-Астана.
Сонымен қатар, барлық "Тұлпар-Тальго" жолаушылар пойыздарының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа) жоғарғы орындарына 5 пайыз көлемінде жеңілдіктер қарастырылған.
"Бұл жеңілдіктер бұған дейін белгіленген жеңілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отыр. Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап "Құрмет" (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және "Жастар" (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталардағы қазіргі 10 пайыз жеңілдік 30 пайызға дейін көбейтіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Саяхатшы" дисконтты картасы жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапар шеккен тұрақты жолаушыларға мынадай жеңілдіктер береді: 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік - 15 пайыз; 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі - 20 пайыз.