08 қыркүйек 2015 | 10:24

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өтемақы алу үшін өтінішті онлайн түрде беруге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен бағам айырмашылығы бойынша төлемақы алуға өтінішті онлайн режимінде беруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен бағам айырмашылығы бойынша төлемақы алуға өтінішті онлайн режимінде беруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының арасында дүрбелең тудырған ақпарат пайда болды. Тараған хабарламада клиенттерден электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін асығыстық таныту сұралған, әйтпесе төлемақысыз қалу қаупі бар.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметіндегілер қазіргі таңда бағам айырмашылығы бойынша азаматтарға төлемақы беру механизмінің жасалып жатқанын хабарлады. Таяуда ол жөнінде хабарланады. Тиісті төлемақыны алу үшін, 2015 жылдың 18 тамызына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқандар өтініш жазып, келісімшарт қосымшасын жасасулары тиіс болады. Арнайы банк шотын ашудың қажеті болмайды. Бағамдық айырма депозит Банкте бір жыл көлемінде сақталады деген шарт бойынша төленеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары өтемақы алу үшін өтінішті онлайн-режимде жолдай алады. Бұл қызмет электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтарға арналған.

Банктегілердің айтуынша, әлеуметтік желі немесе жасырын түрде таратылған ақпараттар ресми болып есептелмейді. Салымшылардан арандатушылыққа ұрынбау сұралды. Баспасөз қызметіндегілер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысы өтемақыны алу үшін барлығы құжаттарды тапсырып үлгеру үшін арнайы ұйымдастырылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети