09 қыркүйек 2015 | 17:28

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына өтемақы беру тәртібі 1 қазанға дейін анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына өтемақы беру тәртібі 1 қазанға дейін анықталады, депозиті барлар салымының сомасына тәуелсіз түрде өтемақы алуға өтініш жаза алады. Депозит бойынша төлемақыны төлеу тәртібі қыркүйек айының соңына дейін анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына өтемақы беру тәртібі 1 қазанға дейін анықталады, депозиті барлар салымының сомасына тәуелсіз түрде өтемақы алуға өтініш жаза алады. Депозит бойынша төлемақыны төлеу тәртібі қыркүйек айының соңына дейін анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, бүгін баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Ұлттық банкінің өкілдері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларарына байланысты бөлек шешім шығарылатынын айтқан еді.

"Түсіндіргім келгені, біз өтемақыны төлеу туралы тәртіпті екінші деңгейлі банктер үшін, олардың салымшылары үшін қарастырамыз, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне емес. Оған үкіметтің бөлек тапсырмасы бар - 1 қазанға дейін механизмі жасалады", - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.

ТҮҚЖБ баспасөз қызметінің өкілдері төлем тәртібінің қыркүйектің соңына дейін анықталатынын растады. Өтініш берудің мерзімінің қатаң түрде шектелмейтіні белгілі. Барлық азамат өтемақы алуға қажетті құжаттарын беріп үлгереді.  

"Қазіргі уақытта клиенттеріміздің мүддесі үшін олардың барлық жинағын сақтап қалу үшін қажетті шараларды дайындап жатырмыз. Мұны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды. Ол тұрғынүйжинақ жүйесінің маңызды екенін айта отырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын ерекше атады. Депозиті барлар салымының сомасына тәуелсіз түрде өтініш бере алады. Банктерде барлық қалаған адамның өтемақы алуына жағдай жасалады. Бір де бір салымшы назарсыз қалмайды", - деп хабарлады "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

ТҮҚЖБ баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылдың 18 тамызындағы жағдайда 492 мың келісімшарттың ашылғанын, олардың ішінде бір миллионнан аз көлемде жинағандардың саны 435 мың келісімшарт. Бұл еліміздегі теңгемен ашылған барлық депозиттің 30 пайызы. Қалған 57 мың депозитте 1 миллион теңгеден аса қаражат бар. Қазіргі уақытта банк ұзақ мерзімді депозиттер бойынша бірінші орында тұр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети