© Нұрғиса Елеубеков
"ҚР Ұлттық банкі доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы белгіленген бағамынан асырып жіберген бірнеше валюта айырбастау пункттеріне қомақты айыппұл салып, лицензияларының қолданылуын уақытша тоқтатып тастады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізде болса, бұның алдында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов шетел валюталарының белгіленген дәлізінен шығып, пайда көріп қалғысы келетін валюта айырбастау пункттері жауапкершілікке тартылатындығын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, ол "валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлыққа жол бермеуге тиіспіз. Елбасы "Барлық деңгейдегі әкімдер мұны бақылауға алып, ал тиісті мемлекеттік органдар тұрақты мониторинг жүргізіп, қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарды лицензиясынан айыруға дейінгі қатал шараларды қолдануды" тапсырды" - деді. Ел экономикасын долларсыздандырудағы тиімді тетіктің бірі - айырбас пункттерінің қызметін реттеу екендігі белгілі. Әрине, біз кәсіпкерлерге қысым көрсеткелі отырған жоқпыз. Барлығын өркениетті жолмен шешкіміз келеді. Мәселен, айырбастау пункттері қандай да бір банктің құрамдас бөлігі бола алады. Жалпы айтсам, бұдан басқа да механизмдер бар, солардың тиімдісін тәжірибеде байқап көру керекпіз. Қалай дегенде де, айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қажет болып тұр. Сол арқылы заңсыздыққа тосқауыл қоюға әрине болады. Тағы бір ескерте кетейін, Ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетелдік валютаны сатып алу мен сату бағамының ауытқу шегін белгіледі: доллар бойынша - 2 теңге, евро бойынша - 3 теңге екендігі де қазір баршаға аян" деген болатын. "Уəкілетті банктердің жəне уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша алыпсатарлықты болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын жəне еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 11 ақпандағы № 18 қаулысы қабылданды", - делінген хабарламада. Айтпақшы, ҚР Ұлттық Банкі лауазымдық міндеттерді дұрыс орындамаған екі лауазымды тұлғасын жұмыстан босатып жіберіпті. Қаулы негізінде ұлттық банк 391 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы 2,8 млн. теңгеге айыппұл түрінде 10 əкімшілік жаза қолданылыпты. Сонымен қатар 2005 жылдың 13 маусымындағы "Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы" ҚР Заңына сəйкес ҚР Ұлттық банкі аумақтық филиалдарының шешімдерімен бес уəкілетті ұйымның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларының қолданылуы уақытша тоқтатылды.
"ҚР Ұлттық банкі доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы белгіленген бағамынан асырып жіберген бірнеше валюта айырбастау пункттеріне қомақты айыппұл салып, лицензияларының қолданылуын уақытша тоқтатып тастады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі, банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, бұның алдында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов шетел валюталарының белгіленген дәлізінен шығып, пайда көріп қалғысы келетін валюта айырбастау пункттері жауапкершілікке тартылатындығын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, ол "валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлыққа жол бермеуге тиіспіз. Елбасы "Барлық деңгейдегі әкімдер мұны бақылауға алып, ал тиісті мемлекеттік органдар тұрақты мониторинг жүргізіп, қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарды лицензиясынан айыруға дейінгі қатал шараларды қолдануды" тапсырды" - деді.
Ел экономикасын долларсыздандырудағы тиімді тетіктің бірі - айырбас пункттерінің қызметін реттеу екендігі белгілі. Әрине, біз кәсіпкерлерге қысым көрсеткелі отырған жоқпыз. Барлығын өркениетті жолмен шешкіміз келеді. Мәселен, айырбастау пункттері қандай да бір банктің құрамдас бөлігі бола алады.
Жалпы айтсам, бұдан басқа да механизмдер бар, солардың тиімдісін тәжірибеде байқап көру керекпіз. Қалай дегенде де, айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қажет болып тұр. Сол арқылы заңсыздыққа тосқауыл қоюға әрине болады. Тағы бір ескерте кетейін, Ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетелдік валютаны сатып алу мен сату бағамының ауытқу шегін белгіледі: доллар бойынша - 2 теңге, евро бойынша - 3 теңге екендігі де қазір баршаға аян" деген болатын.
"Уəкілетті банктердің жəне уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері жүргізетін қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша алыпсатарлықты болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын жəне еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 11 ақпандағы № 18 қаулысы қабылданды", - делінген хабарламада. Айтпақшы, ҚР Ұлттық Банкі лауазымдық міндеттерді дұрыс орындамаған екі лауазымды тұлғасын жұмыстан босатып жіберіпті.
Қаулы негізінде ұлттық банк 391 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы 2,8 млн. теңгеге айыппұл түрінде 10 əкімшілік жаза қолданылыпты.
Сонымен қатар 2005 жылдың 13 маусымындағы "Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы" ҚР Заңына сəйкес ҚР Ұлттық банкі аумақтық филиалдарының шешімдерімен бес уəкілетті ұйымның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларының қолданылуы уақытша тоқтатылды.