20 наурыз 2019 | 10:50

Ұлттық банк алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін және теңге бағамын төмендету үшін негіз жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін және теңге бағамын төмендету үшін негіз жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктегілердің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық Банкі нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда ұлттық валюта бағамының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды. 

Сондай-ақ, Ұлттық Банк өкілдері банк жүйесін шетел және ұлттық валютаның қажетті санымен уақтылы толықтырып отыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Теңгенің ағымдағы бағамы тұрақты және KASE Қазақстан қор биржасында Ұлттық Банктің қатысуынсыз қалыптасады. Валюта нарығындағы ықтимал құбылмалылық іргелі факторлардың әрекетіне негізделмеген және қысқа мерзімді сипатта ғана болуы мүмкін. Осы жағдайларда Ұлттық Банк ықтимал шығындарды болдырмау үшін валютаны сатып алу мен сату бойынша баға белгілеудің айырмасында, сол сияқты теңгенің валюталық бағамын түзету нәтижесінде де алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауды ұсынады", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Банк өкілдерінің айтуынша, Ұлттық Банк қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды бақылап отыр.

"Айырбастау пункттерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті жедел әрекет қабылдауға дайын", - деді банктегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети