02 шілде 2018 17:37

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ic24.kz © ic24.kz

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 166,6 миллиард АҚШ доллары, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 102,2 пайыз (жыл басынан бастап 2,8 пайызға жақсарып) болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 166,6 миллиард АҚШ доллары, ал сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы 102,2 пайыз (жыл басынан бастап 2,8 пайызға жақсарып) болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыртқы борыш құрылымында 63 пайызды бұрынғысынша фирмааралық берешек, 26 пайыз байланысты емес кредиторлар алдындағы "Басқа секторлардың" сыртқы борышы, 8 пайыз мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 4 пайыз - "Банктер" секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ)", - делінген хабарламада.

ҰБ мәліметінше, 2018 жылғы 1-ші тоқсанда елдің сыртқы борышы 0,8 миллиард АҚШ долларына қысқарған. 

Азаю негізінен Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздарды өтеуге, сондай-ақ Қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуіне және соның салдарынан оларға сұраныстың құлдырауына байланысты болып отыр екен.  

Бейрезиденттердің қолдарындағы көлемі 1,4 миллиард АҚШ долларын құраған Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттары кезең ішінде 3 еседен астам ұлғайып, ерекшеленді. 

"Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында 2018 жылғы 1 сәуірде 27,1 млрд АҚШ доллары болған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (банктер мен мемлекеттік сектор капиталына 50 пайыздан астам тікелей немесе жанама қатысатын ұйымдар) жеке көрінеді. 2018 жылғы 1-тоқсанда 0,3 миллиард АҚШ долларына азаю шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеруді жалғастыру Қытай банктері алдындағы кредиттерді мерзімінен бұрын өтеумен, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттердің еурооблигацияларының нарықтық құнының төмендеуімен теңестіру есебінен болды. Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 1-тоқсанда 0,3 миллиард АҚШ долларына ұлғайып, 46,0 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және "Банктер" қалған әлемге қатысы бойынша таза кредиторлар болды, ал "Басқа секторлар" таза қарыз алушылар болып табылады", - деді ҰБ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети