Ұлттық банк автокөлікті жеңілдетілген несиемен беретін бағдарламаны мақұлдады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық банк автокөлікті жеңілдетілген несиемен беретін бағдарламаны мақұлдады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
телеарнаның мәліметінше, енді елімізде құрастырылған жеңіл көлік жеке тұлғаларға мынадай талаптар бойынша беріледі: ең жоғарғы қарыз - 15 миллион теңге, 7 жылға. Атаулы сыйақы мөлшерлемесі - ең көбі жылдық 4 пайыз. Сонымен қатар, тиімді жылдық мөлшерлеме 7,5 пайыздан аспауы тиіс. Оған сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу шығындары кіреді екен.
2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 миллиард теңгеге 92 мың 500 автонесие берген болатын. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, яғни 13-26 пайызды құрайтын. Соған қарамастан, қарыз алушылардың көрсеткіші бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, екі есеге ұлғайған.