08 желтоқсан 2014 | 16:12

Ұлттық банк мұнай бағасына байланысты теңге бағамын тұрақтандырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hitch.kz ©hitch.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамын қолдайды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға аналитигі Анна Бодрова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге бағамын қолдайды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға аналитигі Анна Бодрова хабарлады.

Оның айтуынша, өткен аптада теңге долларға шаққанда бағамын 0,29 пайызға жоғалтты. "Өзгеріс айтарлықтай емес. Салыстыру үшін айтайық, Brent маркалы мұнайдың бағасы аз уақыттың ішінде жеті пайызға арзандады. Қазақстан Ұлттық банкі шикізат бағасын белгілеуде қысым келтірмеу үшін теңге бағамын ақырындап алмастырып отырғаны белгілі. Бұл жерде тікелей байланыс бар: теңгенің белгіленген бағамы бюджет кірісін төмендетеді", - деді Бодрова.

Маманның сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе икемді жұмыс істегені дұрыс, бірақ мұнайдың бағасы тығырыққа тірелген сәтте қапы қалып қоюға болмайды. "Сол үшін де Ұлттық банк ақша нарығындағы басқыншылықтан ада", - дейді ол. Бодрованың айтуынша, теңге девальвацияға ұшырауы мүмкін, экономикасы енді дамып келе жатқан кез келген елде ондай болады, бірақ бізде теориялық тұрғыда ғана. "Қазақстанның өзіндік құрылымдық мәселелері бар - ол еңбек нарығындағы осалдық, мысалы қазірдің өзінде кей өңірде халықтың табысы біртіндеп қысқарғаны сезіледі. Сондықтан девальвацияның болу қаупін ішкі факторға ғана қарап жоққа шығаруға болмайды. Айта кетейін, ұзақмерзімді девальвацияға рубльдің аса қатысы жоқ: ресейлік ақшаның құны теңгемен салыстырғанда өте жылдам құлдырап барады. 

Бодрованың мәлімдеуінше, әзірге девальвацияның алғышарттары жоқ. Алайда ҚР ішкі және сыртқы экономикасы бірден құлдырай бастаса, теңге 15-20 пайыз құнын күрт жоғалтуы ықтимал. "Онда алтынвалюталы қорды тәуекел етуден пайда болмайды және Ұлттық банк теңге бағамын бір рет түсіреді", - деді ол. Сарапшы ақшаның алдағы аптадағы бағамына болжам жасады, оның айтуынша теңгенің долларға бағамы 181,40-181,90, еуро - 223,85-225,10 теңге, ал рубль 3,3-3,65 шамасында болады.     

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети