2016 жылы төлем балансының "Тікелей инвестициялар" бабы бойынша капиталдың тікелей келуі 14,4 миллиард АҚШ долларынан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, бұған дейін ағынның ең жоғарғы көрсеткіші 13,1 миллиард АҚШ доллары болған және бұл көрсеткіш 2008 жылы тіркелген еді.

"Шетелдік тікелей инвестициялардың рекордтық ағыны 2016 жылы Қазақстан төлем балансын қаржыландырудың негізгі қаржы көзі болды", - деп түсіндірді ҚРҰБ өкілдері.
Қаржы реттеушісінің деректері бойынша, 2016 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) Қазақстанға жалпы ағыны 2015 жылмен салыстырғанда 40 пайызға ұлғайып, 20,6 миллиард АҚШ доллары болды. Тау-кен өнеркәсібі, геологиялық барлау және іздестіру қызметі және өңдеуші өнеркәсіп ШТИ-ді негізгі алушылар болды.
"ШТИ ағыны құрауыштарының бірі бейрезиденттердің кірістерін қайта қаржыландыруы болды, оның көлемі 2016 жылы 4,9 миллиард АҚШ долларынан асты. Бірлескен қазақстандық кәсіпорындар кірістерінің өсуімен қатар шетелдік инвесторлар кәсіпорындардың өндірістік қызметін қаржыландыру үшін елде қалдыратын өз пайдаларының үлесін ұлғайтты", - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері.