Ұлттық банк теңге бағамын өзгерту туралы шешім қабылдайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының қазіргі ауытқу дәлізін өзгерту туралы шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ислам қаржысы жөніндегі қазақстандық конференцияның сыртында журналистермен әңгімелесу кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі теңге бағамының қазіргі ауытқу дәлізін өзгерту туралы шешім қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Ислам қаржысы жөніндегі қазақстандық конференцияның сыртында журналистермен әңгімелесу кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей рубліне қатысты қандай цифр болады? Бүгінгі бағам - 185 плюс/минус 3 теңге, теңге 40-42 ресей рублі бағамына қарағанда тыныш болады. Өз істеріңізбен айналыса беруге болады, айырбас пункттеріне жүгірудің қажеті жоқ. Бұл - бірінші мәселе. Екінші мәселе - тұтас алып қараған кезде төлем балансы жақсы. Кейбіреулер біз көп нәрсе шығындадық деп айтып жүрген тамыз айының қорытындысы бойынша алтын-валюта қоры 27,7 млрд долларға дейін өсті. Біз теңгені нығайтуға арналған кеңістік бар деп есептейміз, қазір біз плюс/минус 3 теңге дәлізін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бір жағынан 185-тен плюс 3 қалады. Екінші жағынан кері қарай біз оны минус 15-ке дейін кеңейтеміз. Сонда 181, 180, 179 бағамы алыс емес болады. Бірақ бұл жағдайға байланысты болады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Келімбетов Ұлттық банктің бұл мәселе бойынша шешімді осы аптада қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты. Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын сол деңгейде ұстап отырудан бас тартып, валюта интервенциясы көлемі мен оның теңгенің айырбас бағамын қалыптастыру процесіне араласуын қысқартатынын жария еткен еді. Соның салдарынан теңгенің айырбас бағамы долларына 155,5 теңгеден 185 теңгеге дейін өзгерді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro