Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 қазанда таңертең бір доллар 430,20 теңгеге дейін өскен. Теңге өткен аптаның жұмасынан бастап 0,54 пайызға арзандаған.

"Біріншіден, ұлттық валютаның әлсіреуі мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. Өткен аптаның жұмасымен салыстырғанда Brent маркалы мұнай бағасы 3 пайызға төмендеді. Бүгінде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 40,5 доллардан төмен деңгейде.  Бағаның төмендеуі АҚШ, Франция, Ресей сынды елдерде CОVID-19 жұқтырғандар санының артуымен және сұраныстың төмендеу қаупін тудыруы мүмкін", - дейді Тұрсынханов.

Оның айтуынша, Ливия ұлттық мұнай корпорациясының мұнай өндіру деңгейін тәулігіне миллион баррельге дейін қалпына келтіру туралы хабар, АҚШ-тағы шикі мұнай қорының өсуі, бұл "Зета" дауылының салдарынан туындаған сұранысты қамтамасыз етеді деген жаңалықтар мұнай бағасына ықпал еткен.

Директор әлемдік қор нарығы теріс сентиментті де көрсетіп отырғанын атап өтті. АҚШ-тың акциялар нарығы соңғы 3 күнде экономиканы қолдау және фискалды шаралар пакеті туралы келіссөздердегі кідіріс, әрі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты құлдырап жатыр. Еуропа нарығы да науқастар санының өсуіне байланысты енгізілген шектеу шаралары салдарынан құлдырап жатыр.

Осыған байланысты дамушы елдердің тәуекел активіне сұраныстың төмендеуі байқалған. Жұмамен салыстырғанда Мексикалық песо долларға шаққанда 0,7 пайызға, Ресей рублі 1,5 пайызға, Бразилия реалы 1,6 пайызға, Түрік лирасы 2,9 пайызға төмендеген.

"Теңгенің айырбас бағамы сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасады. Бұл энергия тасымалдаушылар және дамушы елдер нарығындағы негізгі трендтерге сәйкес келетінін көрсетеді", - дейді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети