31 шілде 2017 | 11:26

Ұлттық банк төлем карталарымен есептескенде алаяқтарға қалай алданып қалмауға болатынын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төлем карталарымен есептескенде алаяқтарға қалай алданып қалмауға болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк төлем карталарымен есептескенде алаяқтарға қалай алданып қалмауға болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметінше, VISA және MasterCard ең көп тараған төлем карточкалары болып саналады. Кейде American Express, UnionPay карточкалары және жергілікті жүйелер пайдаланылады. 

Қазақстан Республикасында карточкаларды 25 банк және "Қазпочта" АҚ шығарады.

Карточканың негізгі екі түрі бар: дебеттік және кредиттік. 

Дебеттік төлем карталары бойынша операциялар банк шотындағы ақша қалдығы шегінде жүргізіледі. Әдетте мұндай карточкалар жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және т.б. аудару үшін пайдаланылады.

Кредиттік карталарды пайдалану кезінде есеп айырысу банк беретін банктік кредит есебінен және соның мөлшерінде жүргізіледі.

Алаяқтарға алданып қалмас үшін мынаны есте сақтау маңызды:
• төлем карточкаларынан операцияларды Сіздің көзіңізше жүргізуді талап етіңіз;
• төлем карточкаңыз жоғалса немесе Сіздің келісіміңізсіз ақша есептен шығарылса, тез арада эмитент банкке хабарлаңыз;
• банктің SMS-пен хабарлау қызметіне қосылыңыз;
• қандай жағдай болмасын төлем карточкаңызды және PIN-кодыңызды басқа адамдарға, оның ішінде туыстарыңызға бермеңіз; 
• интернет-дүкендерден сатып алуды бөлек төлем карточкасын пайдалана отырып тексерілген сайттардан ғана жүргізіңіз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети