Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге неге әлсірегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге неге әлсірегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қарашада іргелі факторлардың нашарлауы теңгенің бір доллар үшін 1,7 пайызға 434,2 теңгеге дейін әлсіреуіне себеп болды.
"2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша, теңге бағамы бір доллар үшін 434,46 теңге болды. Ұлттық қордың қаражатын бюджетке трансферттерді бөлу үшін айырбастау операциялары және соманы сату ұлттық валютаға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, экспорттаушылардың теңге өтімділігінің жеткілікті болуына байланысты салық кезеңі ұлттық валютаға айтарлықтай қолдау көрсетпеді", - деді Досаев Үкімет отырысында.
Ол белгісіздік пен сыртқы жағдайлардың күрт нашарлауы жағдайында жеке және заңды тұлғалардың шетел валютасына сұранысы едәуір артқанын түсіндірді.
"Теңгенің тұрақсыздығын болдырмау мақсатында Ұлттық банк 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың қарашасында 239 миллион доллар сомаға валюталық интервенция жүргізді", - деп толықтырды Досаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!